Облыстық конкурсына мектеп-интернаттар, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, түзеу білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары қатысты.
Әділ қазылар алқасының атына білім беру ұйымдарының аумағында өзіндік ерекшеліктерімен безендірілген 22 материал келіп түсті. Комиссия тақырыпты қызықты да әсем безендірілуі, жарықтандыру үшін жаңа озық технологияларды пайдалану, мүсіндерді орнату үшін жаңа аумақты игеру, сондай-ақ қардан жасалған мүсіндердің функционалдығын атап көрсетті. Оқушылар, тәрбиеленушілер, педагогтардың арқасында білім беру ұйымдарының аумақтарында жаңажылдық шыршалар, қардан жасалған мүсіндер, мұз айдындары, демалыс және көңіл көтеру аумақтары пайда болды.
Қорытынды нәтижесі бойынша «Қостанай облыстық балалар үйі» ММ аумағында орналасқан мұз қалашығы «Үздік мұз қалашығы - 2011» конкурсының лауреаты болып табылды (1-орын). Әділ қазылар алқасы келесі мүсіндерді: «Бүркіт», «Қанатты барыс», «Құлагер», «Алтын адам», «Бәйтерек», «Киіз үй», «Аялы алақан» үздік деп таныды. Балалар үйінің аумағының тазалығы мен безендірілуі ғана емес оның сыртқы келбетін түрлі түсті жарықтармен безендіруі де ерекше болғанын атап кеткен жөн.
«Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК аумағында орналасқан мұз қалашығы шығармашылық тұрғыдан үздік жүзеге асырылғаны үшін награда алды (2-орын).
Балалар үшін спорт снарядтары ретінде қолданылған ертегі кейіпкерлері орнатылған «Мектепке дейінгі балалар үйі» ММ (Рудный қаласы) қалашығы функционалдық астарлы мұз қалашығы наградасын алды (3-орын).
І, ІІ, ІІІ орын алған конкурс жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.



