Кеңеске білім басқармасының қызметкерлерін, біліктілігін көтеру институты білім бөлімдерінің бастықтарын, әдістемелік кабинеттер меңгерушілерін, орта мектептің директорларын, жоғары оқу орындарының ректорларын, БҰТ өткізілу орны директорларын қосқанда 260 адам қатысты.
Пленарлық отырыс осы кеңесте қарастырылған, негізгі сұрақтарды белгілеумен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бастығы М.К.Жүндібаевтың алғашқы сөзінен басталды.
Сонымен бірге баяндамалармен Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы бастығының орынбасары В.Р.Күшетерова («БҰТ нәтижелері және БҰТ нысанында қорытынды аттестатциялауға сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша облыстың білім жүйесінің міндеттері»), Жітіқара ауданы әкімдігі білім басқармасы бастығының орынбасары З.Ж.Кубекова («Біріккен ұлттық тестілеуге орта мектептің түлектерінің дайындық сапасын аттыру бойынша Жітіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің қызметі»), Мендіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен меңгерушісі Т.В.Золина («БҰТ дайындықты және өткізуді әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі Мендіқара әкімдігі білім бөлімінің қызметі»), Қостанай қаласының № 10 орта мектебінің директоры Р.Е.Раисов («Оқушыларды қорытынды аттестатциялауға дайындаудың ішкімектептік басқармасы»), білім саласындағы бақылау жөніндегі Департаменттің директоры Б.Б.Даумова («2012 жылдың БҰТ өткізілу үлгісі және технологиясы»), А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры А.М.Наметов («Республикадағы Жоғары оқу орындарының студенттік контингентінің қалыптасуы туралы») сөз сөйледі.
Кеңестің қорытындысы бойынша 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатциялауға дайындық сапасын арттыру жөніндегі бөлім және білім ұйымдары жұмыстарының негізгі бағыттары:мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге; оқу-әдістемелік қызметін, диагностикалық-түзету қызметін жетілдіруге, аналитикалық қызметін және психологиялық-педагогикалық қызметін жетілдіруге бағытталған шарттардың қамтамасыз етілуі болып шешілді.



