Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Лауазымға орналасуға үміткерлер үшін әңгімелесу бағдарламасы мыналарды қамтиды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін.
Мемлекеттік мекеменің мекенжайы: 110300, Меңдіқара ауданы, Боровское селосы, Первомай селолық аумағы.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімі: конкурсқа қатысу туралы өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ; білімі туралы құжат көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі; алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурстың өтетіндігі туралы хабарландыру соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуға тиіс: Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 56, анықтама үшін телефон: 544-413, 541-686.



