«Ең үздік мектеп» болып 31 жүлделі орынға ие болған Қостанай қ. М.Горький атындағы гимназия танылды. «Ең үздік олимпиадалықтар» болып ең жоғары бал жинаған Айша Үнгітбаева (Қостанай қ. С.Мәуленов атындағы гимназия) және Глеб Ненашев (Қостанай қ. М.Горький атындағы гимназия) танылды.
Сонымен бірге марапатқа аса жоғары жүлдегерлер санын дайындаушы мұғалімдер ие болды:
- Л.С. Филинкова– Қостанай қ. М.Горький атындағы гимназияның неміс тілі мұғалімі
- И.К. Сакимов– дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының биология мұғалімі
- Г.К. Еременко - Қостанай қ. М.Горький атындағы гимназияның француз тілі мұғалімі
- Б.М. Бисекенов - дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының математика мұғалімі



