1. Жалпы ережелер
1. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуына конституциялық құқығын қамтамасыз етуіне бағытталған, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын іске асыратын мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган).
2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы” мемлекеттік мекемесі.
Заңды тұлғаның орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение «Управление образования акимата Костанайской области”.
3. Басқарма өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Президенттiң заңнамалық актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Басқарма заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, аумақтық қазынашылық органдарында заңдарға сәйкес есепшоты, мемлекеттiк және орыс тілдерінде өз атауымен бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауымен мөрi мен мөртабандары бар.
Басқарманың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.
5. Басқарма туралы Ережені және штаттық санының лимитін Қостанай облысының әкімдігі бекітеді.
6. Басқарма өзінің жеке атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.
7. Қостанай облысының әкімдігі Басқарманың Құрылтайшысы болып табылады.
Басқарманың құрылтайшы құжаттары Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы мен осы Ереже болып табылады.
Осы Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Құрылтайшы енгізеді.
8. Басқарманың қаржылық қызметі облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
9. Басқарманың заңды мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы,
Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 56.
2. Басқарманың мәні, мақсаттары және міндеттері
10. Басқарма қызметінің мәні ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
11. Басқарманың мақсаттары:
1) қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияткерлік, мәдени және дене дамуы мен кәсіптік біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үрдісі;
2) облыс азаматтарының білім алу құқығын конституциалық қамтамасыз ету;
3) облыстың білім беру ұйымдарында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
12. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
1) білім беру бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриоттық, мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) респуликаның қоғамдық-саяси, мәдени және экономикалық өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне қатысу; қазақ халқының және республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
6) білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
8) еңбек рыногында бәсекелестікке қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру;
9) жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту мен қайта даярлау;
10) алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына ықпал ету.
3. Басқарманың құқықтары мен функциялары
13. Басқарманың негізгі функцияларына жатады:
1) облыстық әкімдікке білім беруді жетілдіру бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу;
2) азаматтарды бастауыш кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету;
3) орта кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
4) арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беруді қамтамасыз ету;
5) дарынды балаларға мамандандырылған білім беру ұйымдарында жалпы білім беруді қамтамасыз ету;
6) білім және біліктілік деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланктеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, олармен жалпы негізгі және жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету және олардың пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде әкімдікке ұсыныстар енгізу;
8) мемлекеттік облыстық білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету;
9) облыстық масштабта мектептік олимпиадаларды өткізу;
10) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
11) балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
12) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім берудің негізгі және қосымша бағдарламаларын, маманандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру;
13) бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысы туралы облыс әкімдігінің бекітуіне қаулының жобасын әзірлеу;
14) бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беретін, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған білім беретін мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдем көрсету және қолдау;
15) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
16) белгіленген тәртіппен жетім балаларды, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
17) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
18) орта кәсіптік білім беретін ұйымдардың бітірушілерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
19) жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушылардың сәйкес деңгейде білім бағдарламарының мазмұнын игеруін тексеру мақсатында, ұлттық бірыңғай тестілеу және аралық мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастыру.
14. Басқарманың алға қойылған міндеттерін және өз қызметтерін заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру үшін құқығы бар:
1) білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру сапасын талдауға;
2) “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының білім беру ұйымдарында орындалуын өзінің құзыреті шегінде сақтауға;
3) білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерін өзінің құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткізуге;
4) орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз етуге;
5) өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғалардан және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат мен құжаттарды сұратып алуға;
6) Басқарма осы Ережеде көрсетілген құқықтармен қатар оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылған өзге де құқықтарға ие.
4. Басқарманың мүлкі
15. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
16. Басқарманың мүлкі оған Құрылтайшы (меншік иесі) берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан құрылады, сондай-ақ құны Басқарманың балансында көрсетілген өзге де мүліктерден.
17. Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше оқшаулауға немесе өзге тәсілмен оған билік жүргізуге құқығы жоқ.
5. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқарманы Қостанай облысының әкімі заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
19. Басқарма бастығының Басқарма бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болапды.
20. Басқарма бастығы:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін дербес жауапкершілік жүктеледі;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) орынбасарлардың, бөлім бастықтарының және Басқарманың басқа да жауапты қызметкерлерінің атқаратын міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
5) Басқарманың құрылымын бекітеді;
6) Басқарманың бөлімдері туралы ережені бекітеді;
7) бұйрықтар шығарады және Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
8) Басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес атқарушы органдар мен ұйымдарда ұсынады;
9) Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз құзыреттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
21. Басқарма бастығы болмаған кезде оның міндеттерін бастық тағайындаған орынбасары атқарады.
22. Басқарма бастығы консультативтік кеңестік алқалық органын құрады, оның шешімі бұйрықпен ресімделеді.
6. Басқарманың жауапкершілігі
23. Басқарма өз билігіндегі ақшамен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша меншік иесі жауапкершілік атқарады.
7. Басқарманы қайта құру және тарату
24. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қостанай облысы әкімінің шешімі бойынша жүргізіледі.
25. Басқарма таратылғаннан кейін қалған мүлік меншік иесіне беріледі.



