Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып 2012 жылдың 6 ақпаны мен 12 наурызы аралығында балалар жарақаттануын алдын алуға және ескертуге, облыстағы оқушылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейлерін көтеруге бағытталған «Мен және төтенше жағдайлар» тақырыбы бойынша балалар шығармашылығының облыстық конкурсын өткізеді. Балалар шығармашылық байқауының негізгі номинациялары: сурет, презентация, шығарма, макет.
