Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың,ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға және жетім балаларға арналған білім ұйымдарының, түзеу білім ұйымдарының, техникалық және кәсіби білім оқу орындарының оқушылары қатысады.
Балалардың шығармашылық конкурсы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең аудан және қала әкімдіктерінің білім бөлімдері аудандар мен қалалардың төтенше жағдайлар бөлімдерімен (басқармасы) бірлесе отырып 2012 жылдың 6-24 ақпаны аралығында өткізіледі.
Екінші кезең 2012 жылдың 5-12 наурызы аралығында сырттай өткізіледі. Білім басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментіне конкурстың бірінші кезең жеңімпаздарының өтінімдері мен материалдары жолданады.
Балалар шығармашылығының облыстық байқау қорытындысын комиссия шығарады, оның құрамына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Ерікті өрт сөндіру қоғамдығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сурет студиясының басшылығы, мектеп педагогтары, суретшілер, өрттен қорғау күзетінің ардагерлері кіреді.



