Отырысқа Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ч.Бектұрғанов, облыстық басқарма бастықтары, оқу орындарының әлеуметтік серіктестіктері, облыстың колледж және кәсіптік лицейлерінің директорлары қатысты.
Отырыс барысында техникалық және кәсіптік білім бағдарламасы бойынша кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын жасау, 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын 2012 жылы іске асыру, білім ұйымдары және кәсіпорындар арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыту сұрақтары талқыланды. 2012 жылға өңірлік Кеңестің жұмыс жоспары бекітілді.



