Алқа отырысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ш.Бектұрғанов, ҚР білім және ғылым Министрлігінің аумақтық департаменттерінің директорлары, алқа мүшелері, білім басқармасының қызметкерлері, аудан және қала әкімдіктері білім бөлімдерінің бастықтары,облыстық білім ұйымдарының директорлары, колледждер, лицейлер, орта мектептер, БАҚ өкілдері.Барлығы 175 адам.
Қазақстан халқына Жолдауында Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың білім алдында белгілеген басымдылықтармен сәйкес күн тәртібінде 3 мәселе шығарылды.
«2012 жылға арналған техникалық және кәсіптік білім жүйесінің міндеттері» баяндамасымен білім басқармасы бастығының орынбасары В.М.Шевцов сөз сөйледі.
«Қосымша білім қызметі желісін кеңейту және сапасын арттыру бойынша Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары әкімдіктері білім бөлімдерінің қызметі туралы» баяндаманы арнайы, қосымша білім және тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы З.А.Байменова баяндады.
«Қостанай, Мендіқара аудандарының білім жүйесіндегі жас мамандардың кәсіби бейімделуін ұйымдастыру туралы» ұйымдастырушылық-әкімшілік бөлімінің бастығы Г.Е.Мендекинова баяндады.
Отырыстың қорытындысы бойынша 2012 жылға арналған нақты міндеттер және тапсырмалармен алқа Шешімі қабылданды.
Алқаның қорытындысында әр түрлі байқаулардың жеңімпаздарын және номинаттарын мемлекеттік марапаттармен марапаттау өткізілді.
«Қазақстан Республикасында білім берудің құрметті қызметкері» төс белгісі дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры С.Б.Қайыроваға берілді.
«Білім берудің ең үздік менеджері-2011» номинациясында «Білім ұясы» Республикалық байқауы жеңімпазының дипломымен Лисаковск қ. әкімдігі білім бөлімінің бастығы Е.А.Бурдыка марапатталды.
Сауд Аравиясында балалар суретінің 2-ші Халықаралық байқаудың қола медалін Рудный қ. көркем өнер мектебінің тәрбиеленушісі Алжан Әленов алды.
2011 жылғы білім бөлімінің рейтингінде 1,2 және тиісті 3 орынға ие болған Лисаковск қ., Қарасу және Сарыкөл аудандарының білім бөлімдері ең үздік болып танылды. «Оқытушылар кәсіби деңгейінің жоғары деңгейі» номинациясында Рудный қ. білім бөлімі, «Оқушылардың өзін-өзі билеуінің жоғары деңгейі» номинациясында-Ұзынкөл ауданы және «Оқушылар бойынша өзін-өзі бақылау қабілетінің жоғары деңгейі» номинациясында-Жітіқара ауданы ең үздік деп танылды
Сондай-ақ алқада облыстық білім беру ұйымдарының арасындағы «Ең жақсы мұз қалашығы» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар дипломдарымен тиісті 1,2,3 орындарға ие болған Қостанай облыстық балалар үйі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» және Мектепалды балалар үйі марапатталды.



